{metadescription}
Ауған соғысының ардагері емхананы жарып жібермек болды – Петропавл
Ауған соғысының ардагері емхананы жарып жібермек болды – Петропавл

Ауған соғысының ардагері емхананы жарып жібермек болды – Петропавл

Петропавлда дәрігерлерге өкпелеген Ауғаныстан соғысының ардагері елді шошытты. Қолына граната ұстаған ол қаладағы №4-ші емхананы жарып жіберемін деп қорқытқан.

58 жастағы тұрғын таң атпастан медициналық мекемеге келіп айқайға басады. Сағат тоғыз шамасында гранатасын шығарып, емхана қызметкерлеріне доқ көрсеткен. Бұл хабарды естіген тәртіп сақшылары сол маңды қоршауға алып, ауған соғысының ардагерін сабырға шақырды. Дәрігерге қаралуға келген 100 шақты науқас пен іштегі барлық қызметкер дереу сыртқа шығарылған. Тұрғынның қолынан тартып алынған жарылғыш зат арнайы контейнерге салынып, сараптамаға жіберілді. Жұртты шошытқан петропавлдық мүгедек екен. Паралимпиадалық ойындарға да қатысқан. Енді оған қылмыстық іс қозғалды.   

Сән Жұмағазина, СҚО ПД бас маманы:

-Сараптамалар тағайындалады. Тергеуге оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтауға тура келеді. Себебі, ұсталған адамның айтуынша, осындай әрекетке баруына медициналық мекеменің қызмет көрсету сапасына деген наразылығы түрткі болған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде