{metadescription}
COVID-19: Жүйкесі жұқарғандардың саны артқан
COVID-19: Жүйкесі жұқарғандардың саны артқан

COVID-19: Жүйкесі жұқарғандардың саны артқан

Елімізде COVID-19 індетінің кесірінен жүйке жүйесі жұқарғандардың да саны артқан. Психикалық денсаулыққа жауап беретін ғылыми ұйымның дерегінше, call-орталықтарға қоңырау шалып, күйзеліске душар болғанын айтатындар көбейіп кеткен. Ғалымдар мұның барлығы коронавирустың кері ықпалы деп отыр.

Николай Негай, ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры:

-Біздің қоғамда басым көпшілігі психологқа барып өзінің жайымен бөліскеннен тосырқайды. Осыны ескере отырып, арнайы сайтты іске қостық. Пандемияның алғашқы күндері-ақ сайтқа кіріп, жағдайын айтқысы келетіндердің қарасы көбейіп кетті. Әсіресе вирус дендеген уақытта психикалық жай-күйіне алаңдайтындар онлайн сауал көп қойды. 

Халықаралық Қызыл крест гуманитарлық ұйымы жүргізген сауалнамаға сәйкес, ковидпен ауырған әрбір екінші адам бойында психикалық өзгерістерді байқаған. Мұндай зерттеу Қазақстанда да жүргізіліп жатыр. Қорытындысы жуық арада жарияланады. Бір анығы, дерт дендеген уақытта мазасы кеткен адамдардың психолог мамандарға жүгінуі жиілеген. Әсіресе ұйқысы қашып, жиі ашулантындар көбейіпті.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде