{metadescription}
ШҚО және Алматы облысында карантин күшейтілді
ШҚО және Алматы облысында карантин күшейтілді

ШҚО және Алматы облысында карантин күшейтілді

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында карантин шаралары қайта күшейтіліп жатыр. Өйткені бұл өңірлерде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап көбейіп барады.

Шығыс Қазақстан облысы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, мұнда жиналыс, конференция, форум сынды адам көп жиналатын шараларды өткізуге қатаң тыйым салынды. Ал мәдени нысандар, фитнес орталықтар, монша мен сауналардың жұмысы тоқтатылды. Қалааралық автобустар уақытша жүрмейді. Саябақтарда  үш адамнан артық топтасып жүруге рұқсат жоқ. Бұл шектеулер ШҚО-да бүгіннен бастап күшіне енді.

Алматы облысында ертеңнен бастап көңіл көтеру орындары жабылады. Демалыс және мереке күндері жабық сауда орындары қызметін тоқтатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде