{metadescription}
Мәжілісмендер: Дәрігерлерге үстемақыны қайтармасақ, емдейтін ешкім  қалмайды
Мәжілісмендер: Дәрігерлерге үстемақыны қайтармасақ, емдейтін ешкім  қалмайды

Мәжілісмендер: Дәрігерлерге үстемақыны қайтармасақ, емдейтін ешкім қалмайды

«Коронавирус жұқтырған және одан көз жұмған дәрігерлерге үстемақыны қайтару керек, әйтпесе науқастарды емдейтін ешкім қалмайды». Бүгін осы мәселені көтерген мәжілісмендер шенеуніктерді буынсыз жерден пышақ ұрып отыр деп кінәлады. Олардың айтуынша, әлемді жаулаған қауіпті індеттің екінші толқыны Қазақстанға да келе жатыр, сондықтан медицина қызметкерлерін төлемнен айыру – ақылға қонбайтын іс.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Қазақстанда жағдай әлем елдеріне қарағанда жақсы, әрине, бірақ ауру жұқтырғандардың көбейіп жатқаны байқалады. Осы жағдайда алғы шепте жүрген дәрігерлерге мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету маңызды емес пе? Оның орнына шенеуніктер олардың ту сыртынан пышақ сұғуда. Біз үкіметтен үстемақы мәселесін қайта қарауды және аталған төлемдерді сақтауды сұраймыз. Әйтпесе қиын әрі маңызды сәтте азаматтарымызды құтқаратын ешкім болмай қалуы мүмкін.

Халық қалаулылары вирусты жұқтырған, не одан көз жұмған дәрігерлерге  миллиондаған үстемақыны төлеуге жергілікті бюджет қауқарсыз дейді. Соның кесірінен елде тіпті пандемия кезінде дәрігер тапшылығы сезілуі мүмкін деп қорқады.

Әңгіменің түп төркіні ауруға шалдыққан медицина қызметкерлеріне төленетін 2 миллион теңге мен вирустан қайтыс болғандарға берілетін 10 миллион теңгеде жатыр. Өткен аптада денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерге енді өтемақы берілмейтінін, егер жұмыста ауру жұқтырған жағдайлар тіркелсе, қолдау шаралары кәсіподақтар мен жергілікті атқарушы органдар есебінен жасалатынын мәлімдеген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде