Риддерде зейнеткердің 18 миллионын ұрлап кеткен – ШҚО
Риддерде зейнеткердің қомақты қаржысын ұрлады деген күдікпен 41 жастағы азамат ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, ол 18 миллион теңгені алып кеткен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
29.10.2020
65 жастағы зейнеткер пәтерін сатып, одан түскен ақшаны үйіндегі шкафқа жасырып қойыпты. Ал тапал-тал түсте терезесін сындырып кіріп, ұсақ-түйек ұрламақ болған жергілікті тұрғын қомақты қаржының үстінен түскен. Ол алып кеткен ақшаның екі жарым миллионын жұмсап үлгеріпті. Полицейлердің айтуынша, азамат бұрын да ұрлық жасап істі болған.
Талғат Шаяхметов, ШҚО ПД бастығының орынбасары:
- Ұрлаған ақшасына қымбат үш ұялы телефон мен алтын бұйымдар және киім-кешек сатып алған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!