{metadescription}
Баршында үш балықшының екеуінің денесі табылды – Ақмола облысы
Баршында үш балықшының екеуінің денесі табылды – Ақмола облысы

Баршында үш балықшының екеуінің денесі табылды – Ақмола облысы

Ақмола облысындағы Баршын көліне барып жоғалып кеткен 3 балықшының екеуінің денесі табылды. Оны сүңгуірлер су астынан екі күннен соң алып шықты. Ал біреуін құтқарушылар әлі іздеп жатыр.    

Нұрсұлтан қаласынан қыдырып  келген төрт жігіт Баршын көлінен балық ауламас бұрын жағада демалған. Содан кейін үшеуі қайыққа мініп балық аулауға аттаныпты. Ал төртіншісі достарына ілеспей, жағада қала берген. Кешқұрым балықшылар үйіне қайтпаған соң, келесі күні досы іздеуге шығыпты. Таппаған соң полицияға хабар беріп, құтқарушылар келіп жеткен. Сүңгуірлер су астын бірнеше шақырымға дейін сүзіп, 39 және 44 жастағы азамттардың денесін, сондай-ақ, қайықтың моторы мен ескегін алып шықты.   

Қанат Доспаев, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазір үшінші адамды, яғни 42 жастағы балықшыны іздеп жатырмыз. Төрт қайыққа мінген іздестіру тобына жергілікті дұрғындар да қосылды. Құтқарушыларға көлдегі қамыс кедергі келтіруде. Оның үстіне Баршын көлінің аумағы үлкен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде