{metadescription}
Министр: Енді қызметі нашар провайдерге айыппұл салынады  
Министр: Енді қызметі нашар провайдерге айыппұл салынады  

Министр: Енді қызметі нашар провайдерге айыппұл салынады  

Қазақстандағы желілік операторлар әлсіз интернет пен сапасыз байланысқа толық көлемдегі ақыны негізсіз талап еткен. Осылай деген цифрлық даму министрі міндетіне атүсті қараған, яғни қызметі нашар провайдерлерді айыппұлмен ауыздықтаймыз деп отыр.  

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Қазіргі талаппен смартфонда бір ғана байланыс таяқшасын көрсетіп тұрса, байланыс пен интернет бар деп есептеледі. Бірақ бұл ғаламтордың жылдамдығы мен сапасы жоғары деңгейде екенінің дәлелі емес, оны бәрі біледі. Міне, енді қызмет ұсынатын операторларға интернет пен байланыстың сапасын айқын талап ететін нормаларды енгіземіз.  

Оған қоса елімізде интернеттің сапасына сараптама жүргізілмейді екен. Осындай кемшіліктің бары еске түсті ме, жоқ, әлде расымен енді ғана байқағаны ма, бір анығы, министрлік «байланыс.бар» сервисін іске қосып отыр. Бұған сәйкес, егер ауыл-аймақ, не қаланың бір түкпірінде интернеттің әлсіздігін аңғарсаңыз, аталмыш сервиске кіріп, шағым жібере қоясыз. Осылайша цифрлық даму министрлігі отандық операторларды сапалы қызмет көрсетуге шақырмақ. Ал талапты орындамаған провайдерлерге салынатын айыппұл артады. Аталмыш норма заңнамалық деңгейде бекітіледі.

Министрлік құрылыс компанияларын да бой көтерген нысанға инженерлік коммуникациялармен қатар оптикалық интернет желісін тартып қоюды міндеттейді.

Мусин мырза азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігін де сөз етті. Енді Қазақстандағы әрбір азамат өзінің жеке деректерінің құпиялығына күмәнданса, Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдана алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде