{metadescription}
Тәртіп сақшыларына сыйақы төленіп, жалақысы артылады
Тәртіп сақшыларына сыйақы төленіп, жалақысы артылады

Тәртіп сақшыларына сыйақы төленіп, жалақысы артылады

Карантин талаптарының сақталуын қаматамасыз етіп басын қатерге тіккен полицейлердің де еңбегі еленеді. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп сақшыларына да дәрігерлермен қатар сыйақы төлеуді тапсырды. Бүгінде бұл мақсатқа 6 миллиард 600 миллион теңге бөлінген. Жыл соңына дейін тағы да 11 миллиард 500 миллион теңге сыйақы берілмек. Оған қоса елдегі полицейлердің жалақысы 30 пайызға артады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірқатар қылмыскерлерге рақымшылық жасалады. Бүгін Ішкі істер министрлігінің президенттің қатысуымен өткен кеңейтілген отырысында тағы не айтылды?

Елдегі дәрігерлер қапалы, ал полицейлердің көңілі шат. Ақ халаттыларға енді төленбейтін өтемақы тәртіп сақшыларына бөлінді. Дүние-кезек деген осы болса керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты. Жиында аталмыш саладағы реформа тілге тиек болды. Тәуелсіздік алғалы 800-ге жуық полицей көз жұмып, 2600-ден астамы ауыр жарақаттанған. Осы деректерді келтіре кеткен президент пандемия уақытындағы тәртіп сақшыларының жанқиярлық еңбегін де атап өтті.        

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Бүгінгідей күрделі жағдайда мемлекет індетке қарсы тұрғандардың барлығын қолдайды. Менің тапсырмаммен пандемияның бірінші кезеңінде карантин шараларын қамтамасыз етуге қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге 6,6 миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін тағы да 11,5 миллиард теңге беріледі.

Істі болғандарға мерекелік рақымшылық беріледі. Ел егемендігінің 30 жылдығына орай азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмысқа барғандарға амнистия жасалады.

Ал ішкі істер саласы қызметкерлерінің мардымсыз жалақысын атап өткен президент бұл жағдайды түзеуге пәрмен берді. Үш жылдың ішінде полицейлердің айлығы 30 пайызға артады. Әлбетте, айлық артқан соң артылатын міндет пен талап та аласармақ емес. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек. Мұнда жоғары дайындықпен келген және өз ісіне шынайы берілген мамандар жұмыс істеуі қажет. Мемлекет пен қоғам оңтайлы өзгерістерді күтіп отыр. Тәртіп сақшылары азаматтарға үлгі болуға тиіс.

Кеңейтілген отырыстан соң елордадағы полиция департаменті де мәз. Созылып келе жатқан ғимарат мәселесіне нүкте қойылды. Президент Үкіметке полиция департаментіне арнап жаңа ғимарат салуды тапсырды.

Жиында тәртіп сақшыларын әлеуметтік қолдау мәселесі де ұмыт болмады. Сала қызметкерлеріне баспана жалдауға өтемақы ретінде 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Баспана жалдап қиналып жүрген полицейлерге қаңтар айында қосымша 10 миллиард теңге тағы қарастырылмақ. Аталмыш шарапатты шаруамен 8 мыңдай маман қамтылады. Олар: кезекші бөлімнің, қарауылдың, арнайы күзет ұйымдарының, ведомстволық оқу мекемелері және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде