{metadescription}
Париж тұрғыны: Мен төрт қабырғаға қамалып отыра алмаймын
Париж тұрғыны: Мен төрт қабырғаға қамалып отыра алмаймын

Париж тұрғыны: Мен төрт қабырғаға қамалып отыра алмаймын

Франция халқы елде карантин енгізуге қарсылық білдіріп көшеге шықты. Парижде жүздеген наразы адам «еркіндік берілсін» деп ұрандатуда.

Бүгіннен бастап Францияда бейберекет көшеге шығуға тыйым салынды. Азаматтар тек азық-түлік алуға, ауруханаға немесе жұмысқа ғана бара алады. Қазақтар секілді жиналып той-тойлатуға да тыйым салынды. Тек әр азамат күніне бір сағатқа серуендеуге шыға алады. Ал киім-кешек дүкендері, мейрамханалар мен кафелер жабылды. Себебі, Францияда коронавируспен ауырғандар саны күрт көбейген. Мәселен, кеше 50 мың адамнан COVID-19 белгілері байқалған. Билік аурудың тез таралуын тоқтату үшін 1-желтоқсанға дейін локдаун жариялады. 

Лаура, Париж тұрғыны:

- Локдаун болғанын қаламаймыз. Коменданттық сағаттан әбден шаршадық. Ауру бар екені рас. Бірақ тым қатал шара қолдануға болмайды. Кешкі тоғыздан кейін үйде отыру керек дейді. Мен төрт қабырғаға қамалып отыра алмаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде