Теміртауда сақшыларға қарсылық көрсеткен жүргізушілер сотталды
Теміртауда тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен көлік жүргізушілеріне қатысты сот үкімі шықты. «Билік өкіліне күш қолданды» деген айыппен біреуінің 1 жыл алты айға бас бостандығы шектелсе, екіншісі осы мерзіммен шартты жазаға кесілді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
30.10.2020
Сақшылар мен жүргізушілердің арасындағы керіс 28-ақпанда болған еді. Жанжалға Нұр-Сұлтан - Қарағанды тас жолының ауа райына байланысты жабылуы себеп болған. Аязда қаңтарылып тұрған көлік иелері көктайғаққа қарамастан жүруге талпынған. Анталаған топ жолында тұрған полиция көлігін итеріп тастап, сақшылардың ескертуіне бағынбаған. Қарсылықпен тас жолға шығып кеткендер көп ұзамай ұсталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!