{metadescription}
Алматы тұрғындары ауласына салынатын медорталық құрлысына қарсы
Алматы тұрғындары ауласына салынатын медорталық құрлысына қарсы

Алматы тұрғындары ауласына салынатын медорталық құрлысына қарсы

Алматы тұрғындары ауласындағы құрылысқа қарсы. Айтуынша, есік алдындағы үлкен медициналық орталықтың жалғасы ретінде 12 қабатты ғимарат бой көтермек. Тіпті іргелес аумақтағы құрылыс ешбір ескертусіз басталып кеткен.

Енді баспанасы мен баласына алаңдаған жұртшылық оған жол бермейміз деп отыр. Ал шенеуніктер барлығы заңды екенін алға тартуда. Тараптардың уәжін тілшіміз тыңдады.

Алматының қақ ортасындағы тұрғындарың тынышы кеткен. Жұрттың жаппай жиылуына есік алдында басталған құрылыс себеп. Айтуларынша, емдеу орталығы талапқа сай емес салынып жатыр. Жапсарлас орналасқан жаңа нысанның құрылысына жұрт қарсылық білдірді. Ғимарат пен көп қабатты тұрғын үйлердің ара қашықтығы он метрге де жетпейді. Бұған қоса тұрғындар маңайға көлік қаптайтынын айтып, аулада ойнап жүрген балаларына қауіп төне ме деп алаңдаулы.

Баян Әубәкірова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Түн ішіне дейін, сағат 9-ға дейін жұмыс істеп жатты. Таң атпастан келіп темір ұрып жатады. Әйтеуір бізге тыныштық жоқ, шынын айтқанда. Түнімен бір апараттары істеп шуылдап тұрады. Қоқыс тастайтын жері жоқ, бәрін біздің қоқыс жәшігімізге тастайды. Мына жерде ылғи лай су ағып жатады.  

12 қабатты нысанның құрылысына дайындық басталып кеткен. Мұндағы жасыл желек те түгел кесілген. Ал тұрғындарға ескертуді кәсіпкер қажет деп таппаса керек.

- Сонда мына бала ойнайтын жер бәріне жете ме? Мұндай болмайды, балаға орын, үлкен кісілерде отыратын жер қалмайды. Бұрын бұл жерде кішкентай екі қабатты үй болатын. Оның өзінде де біз қуанатын едік, кішкентай болған соң. Ал мынау енді үлкен болады ғой, дәу. Ауа жетпейді. Бізге күн, ауа, жер керек.

Емдеу орталығын үлкейтеміз деп бекінген медицина мекемесінің басшылығы ғимаратты салуға әкімдіктің рұқсатын алған. Жаңа құрылыс жұртшылыққа жайлы болады деп сендірді.

Гүлжан Махмұдова, Емхананың өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы:

- Мұнда емделушілер өте көп болғандықтан, аумақты кеңейтеміз деп шештік. Әзірге тек қазу жұмысы жүргізіліп жатыр. Ғимарат тұрғын үйлерден 15 метр алшақ салынады. Қазір есік алдында тұрғындардың өздерінің көлігі қаптап тұр. Егер біз бұл емхананы салсақ, арнайы жерасты көлік тұрағы болады. Кейін оны тұрғындар пайдалана алады.

Ал шенеуніктер құрылыстың заңды екенін айтады. «Барлығы талапқа сай», - дейді.

Арман Айшуақов, Алмалы аудандық жоспарлау және аумақты үйлестіру қызметінің басшысы:

- 2019 жылдың 19-қазанында әкімшілік ғимараттың құрылысына заңды түрде рұқсат берілді. Жақын маңдағы тұрғындармен кездесуді құрылысқа жауаптылар және жергілікті орган өкілдері өткізуі тиіс. Бізде ол жағы қарастырылмаған. Яғни олар стандартқа, яғни талапқа сай болса, рұқсат қағазы беріледі.

Кәсіпкерлер емхананы бір жарым жылда салып бітіруді жоспарлап отыр. Алайда тұрғындардың барлығы жиналып, сотқа арыз жазса, құрылысты тоқтатуға әлі де мүмкіндігі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде