Қазақстан қор биржасында доллар қымбаттады
Теңге тағы құнсызданды. Бүгін Қазақстан қор биржасында доллар қымбаттады. АҚШ валютасы қазір ақша айырбастау бөлімшелерінде 434 теңгеден сатылып жатыр. Ал еуро 508, Ресей рублі 5 теңге 54 тиыннан сатылуда.
Автор: Диас Нұрақын
30.10.2020
Ұлттық валютамыздың құнсыздануына әдеттегідей қара алтын бағасының арзандауы себеп. Өйткені әлемдік нарықты мұнай бағасы құлдырап кетті. Қазір Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 38 доллардан сатылуда. Мұндай арзан шикізат соңғы төрт айда болмаған дейді сарапшылар. Яғни пандемияның шарықтау шегінде құнын жоғалтқан қара алтын 40 долларға дейін көтерілген болатын. Еуропа елдерінде коронавирустың екінші толқыны басталды деген сыбыстан кейін баға тағы төмендеуде. Бұлай жалғаса берсе, теңге әлі әлсірей түсуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!