{metadescription}
БҚО: ДСБ басшысы Қаюпов ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
БҚО: ДСБ басшысы Қаюпов ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

БҚО: ДСБ басшысы Қаюпов ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысында ірі парақорлық әрекет әшкереленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілер облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюповты ұстаған. Ол 7 миллион 800 мың теңге алды деген күдікке ілінді.

Миллиондаған теңгемен қолға түсіп жатқан сәтін жемқорлықпен күрес қызметі жариялап отыр. Олардың мәліметінше, басқарма басшысының сыбайластары да бар. Тергеу дерегі бойынша, басқарма мердігер компаниямен медициналық жабдықтарды, яғни мониторларды жеткізуге мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы құны 78 миллион теңге шарт жасасады. Сол бойынша орындалған жұмыстар мен қабылдау актілеріне кедергісіз қол қойып беру үшін ірі көлемде пара алған. Басқарма басшысының сыбайластарымен бірге осы айдың 12-сі мен 23-і аралығында қалтаға басқан пара көлемі - 7 миллион 800 мың теңге. Қазір барлығы да Орал қаласындағы уақытша ұстау абақтысында отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде