Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлген қаржыны жымқырған
Арзанды қымбатқа алған! Жамбыл облысында денсаулық сақтау басқармасының лауазымды шенеуніктері бюджеттен коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталуда.
Автор: Руслан Әбдіхалық
30.10.2020
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі мәлімдеді. Анықталғаны, басқарма індетпен күреске медициналық бұйымдарды алуы тиіс болған. Алайда денсаулық сақтау саласының шенділері оларды жоғары бағамен сатып алған. Сөйтіп мемлекетке 9 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Қазір қазына қаржысын жымқыру дерегімен тексеріс жүргізіліп жатыр. Ал тергеу құпиялығына байланысты өзге мәлімет айтылмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!