{metadescription}
Мемлекет басшысы халқына үндеу жасады
Мемлекет басшысы халқына үндеу жасады

Мемлекет басшысы халқына үндеу жасады

Қазақстандықтар карантин талабын қатаң сақтауы керек. Мемлекет басшысы халқына осындай үндеу жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі жазбасында барлық жерде шектеу шаралары, оның ішінде локдаун тәртібі қайта қабылданып жатқанына тоқталып, азаматтарды денсаулығына жауаппен қарауға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған тәртіпті ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын. Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде