ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті. Бүгін індет шалдыққан 205 адам анықталған. Соның салдарынан өңірде карантин одан сайын күшейтіліп, әуе және темір жол қатынастары қысқартылды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
30.10.2020
Енді Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына бұл аймақтан жолаушылар тасымалы аптасына бір-ақ рет болуы мүмкін. Онда да жолаушылардың қолында короновирус жұқтырмағанын көрсететін тест қорытындысы болуы қажет.
Шығыс Қазақстан облысынан шыққан жолаушылар үшін олардың қолдарында міндетті түрде коронавирус жұқтырмағанын көрсететін тестін қортындысы болуы керек. Ал ондай анықтама болмаса, жолаушылар ұшақ пен пойызға отырғызылмайды. Өйткені 2-қарашадан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы шаһарынан жолаушылар тасымалы қысқартылады. Аталмыш рейстер аптасына бір-ақ рет қатынауы ықтимал. Ал өңірдегі азық-түлік сатушылар қордың жеткілікті екенін айтты. Алғашқы көктемде басталған карантин кезіндегідей дүрлігу жоқ деп отыр.
- Азық-түлік бар, дүрлігу жоқ, кезек жоқ.
Аймақтағы тест орталықтары, алынған анализдерге қорытынды шығармайтын болды. Олар маңызды натижені ұлттық орталықпен бірігіп тексеруі тиіс.
Ерлан Қиясов, РҚ Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Шығыс Қазақстан облысына баратын темір жол қатынасына тосқауыл қою керек. Елімізге аймаққа кіріп-шығу шектетілуі қажет. Ал жергілікті тұрғындар демалыс күндері себепсіз жүрмеуі тиіс.
Өңірде коронавирусқа шалдыққандар саны күн санап артып жатыр. Бір тәулікте инфекция 205 адамнан анықталды. Ковид-19 көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткендіктен, облысқа іссапармен барған премьер-министрдің орынбасары жергілікті билікке қатаң карантин енгізуді тапсырды. Бұл ұсыныстан кейін аймақтың бас санитар дәрігері 1-қарашадан бастап болок-бекеттерді қайтадан қою жөнінде шешім қабылдаған. Бірақ әзірге өңірдің маңызды жолдарында ондай өзгеріс байқалмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!