{metadescription}
Чех тіліне аударылған Абайдың қара сөздері Прагаға жол тартты
Чех тіліне аударылған Абайдың қара сөздері Прагаға жол тартты

Чех тіліне аударылған Абайдың қара сөздері Прагаға жол тартты

Абай шығармалары алғаш рет Прага жұртына жол тартты. Чех тіліне аударылған «Абайдың қара сөздері» кітабы ел астанасындағы оқу орындары мен білім беру мекемелерінің кітапхана қорына тапсырылды.

Прагалық оқырмандар қазір ауыр кезеңді бастан өткеруде. Күн сайын елде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны көбеюде. Бүгін 6000-нан астам науқас дертке шалдыққан. Дегенмен санитарлық талапты сақтай отырып, кітапсүйер қауым шаралардан қалыс қалып жатқан жоқ.

Қазақстанның Чех Республикасындағы елшілігі оффлайннан қарағанда онлайн шараларды көптеп өткізген. Ұлы Абайдың туғанын 175 жыл толуына орай және еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткізілген кітапты таныстыру рәсімі да бейнебайланыс арқылы өткізілді. Абайдың өлеңдері оқылып, әндері тыңдалды. Мақсат – еуропалықтарға Абай шығармаларын, қазақ мәдениетін таныстыру.

Кітапты Қазақстанның Чехиядағы елшілігі ұлттық кітапханамен бірлесіп аударған.

Азамат Әбсалықов, Қазақстанның Чехия елшілігінің қызметкері:

Біздің тарапымыздан айтар болсам, мынадай жағдайды ескере отырып, соңғы уақытта оффлайн форматта 45 шара өткізіппіз. Пандемия болмаған кезде ұлы ақын Абайдың мерейтойына арналған онлайн шараларды мұндай көп ұйымдастырмаған сияқтымыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде