Балалар мен жасөспірімдер театры «ARS AMANDI. Махаббат мәдениеті» атты спектакль ұсынды
Жан сарайын жадыратар туынды! Алматыда Наталья Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театры жаңа спектаклін көрермендеріне паш етті. Марина Цветаеваның шығармалары бойынша қойылған «ARS AMANDI. Махаббат мәдениеті» атты поэтикалық туынды жүрек қылын тербейді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
02.11.2020
Режиссер Галина Ефимова адамның ішкі күйін бұл туындыда барынша ашып көрсетуге тырысқан. Мұң мен қуаныш қатар қабаттасқан алып ұшқан көңіл, адалдық пен арамдық қойылымда кеңінен көрсетіледі. Бас рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ольга Коржаева сомдайды. Спектакльде ойнаған актерлер де өзінің шығармашылық ізденісін көрсете білді. Өнер сүйер қауымды театр ерекше туындыны тамашалауға шақырады.
Мақсат Сахиұлы, актер:
- Менің ойымша, спектакль өте жақсы болды. Өйткені ұзақ дайындалдық. Режиссер Галина Викторовнамен жұмыс істеген өте жеңіл. Ең жақсы жері, актерге берген басты мақсатын, тосын жағдайдың бәрін жақсы түсіндіре алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!