{metadescription}
Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен алынған үйде не жылу, не газ жоқ
Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен алынған үйде не жылу, не газ жоқ

Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен алынған үйде не жылу, не газ жоқ

Шымкентте мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасымен үй алған тұрғындар наразылық білдірді. Қала әкімдігіне қарасты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы салдырған су жаңа көпқабатты үйлерде не жылу, не газ жоқ. Баспана таңдар кезде «жарқыраған жарнамасына сеніп қалдық» деген тұрғындар енді оның «ішкі һәм сыртқы сапасы да мүлдем сын көтермейді» деп отыр.

Пәтердің әр шаршы метрін мердігер компания 180 мың теңгеден салса, оны елге бергенде «Шымкент» әлеуметтік-кісіпкерлік корпорациясы шаршы метрін 260 мың теңге деп есептеген. Енді баспана сапасы «ақшасына мүлдем сай емес» деген жұрт үйді түгел тексеруін талап етуде.

Тұран ықшамауданында салынған сегіз қабатты үйдің көркі алыстан керемет. Жаңа дизайнмен тұрғызылған ғимараттар жарқырап-ақ тұр. Бірақ жақындап кетсең, жылап жүрген тұрғын көп. Көпшілігі: «Сырты жылтыраған соң, 25 жылға 7 пайызбен несие алдық», - дейді. Бірақ суық түсіп, бүкіл Шымкентте жылудың берілгеніне екі аптадан асса да, бұл көпқабатты үйлерде ол атымен жоқ.

- Бір бөлмеде қанша адам жатасыздар?

- Бес адам бір бөлмеде.

- Нәрестеңіз бар ма?

- Нәрестемен бірге – алтау. Үш күн бұрын туылды.

- Обал емес пе?

- Пәтер жалдап жүрдік, енді сатып алдық деп келдік. Міне, осы жерге. Не жылу берілмеді, су да, газ да жоқ. Береді деген. Әне береді, міне береді. Күнде сол ғой.

Көшіп келіп жатқандардың көпшілігі – жас отбасылар. Салқын үйде дірдектегендер балаларына алаңдаулы. «Салқын түскелі жиі ауыратын болдық», - дейді. «Үйдің сапасы да нашар», - дейді тұрғындар. Мысалы, пәтерде газ қосатын бұрағышты қабырғаға қаратып кеткен. Яғни газ келсе, қабырғаны бұзбай қосу мүмкін емес. Ал кафельдердің арты бос болған соң, қолмен ұрса сынып жатыр. Еден де ойқы-шойқы.

- Қараңызшы, қабырға қисық. Асты тиіп тұр, үсті деген мынадай қуыс. Қабырға қисық па, әлде жиһаз қисық па бұл жерде?

- Еденін орнату керек қой бұл жерде.

- Мына үйдің еденін төсеу керек қой, кіреберістен төрге дейін.       

О баста компания үйдің макетін көрсетіп, қосқабатты паркинг болады, әр есік алдында балалар алаңқайы болады деген. Енді паркинг орнына тағы қос көпабатты үй салынып жатыр. Ал балалар алаңқайының түрі...

- Мынаны қараңыз! Бәрі қатырылмаған. Ертең мынаның бәрі топырақ, лай болады. Біз жаңа таңертеңнен бері ПИК-мен қырылысқанбыз. Тазалық деген жоқ деп. Ертең мынаның бәрі батпақ болған соң, ПИК иті шығып жинайды.

Ал жауаптылар бір-біріне сілтейді. Үйдің құрылысына Shymkent әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Бекстройсервис» мекемесі қарайды екен. Сыртына жауапты – қалалық құрылыс басқармасы. Енді құрылыс компаниясы да, құрылыс басқармасы да «сапасыз үй салған жоқпыз» деп бет бақтырмай отыр. Ал жылудың созылып кетуіне құбырлардың ауысқаны себеп.

Бағлан Күздеубаев, Шымкент қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Дүйсенбі күні қосамыз.Уәде береміз. Техникалық ақауларды да қазір жұмыс істеп, техникалық ақауды зерттеп, мамандармен анықтап, қазір бәрін жойып жатырмыз. Содан кейін дүйсенбіге дейін жылу береміз деп айтамыз.

Тұрғындар үй алдына жиналып мәселесін айтуға Shymkent әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын да шақыртқан екен. Бірақ ол жақтан ешкім төбе көрсетпеді.

Shymkent әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына телефон шалғанымызбен, олармен біз де тілдесе алмадық. Әйтпесе жұрт шаршы метрін 180 мыңнан салынған пәтерлерді неліктен 260 мыңнан сатқаны жөнінде сұрағысы келген. Бірақ шулаған жұрттан бойын аулақ ұстағысы келді ме, әлде уақыт таппады ма, әйтеуір қойған сауалдарымыз жауапсыз қалды. Сондықтан үйлердің сапасы мен бағасының сәйкестігін әкімнен бастап прокурорға дейін тексерсе дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.