{metadescription}
Павлодарда Ұлттық ұлан сарбазы көшедегі жанжалдан жарақат алды
Павлодарда Ұлттық ұлан сарбазы көшедегі жанжалдан жарақат алды

Павлодарда Ұлттық ұлан сарбазы көшедегі жанжалдан жарақат алды

Павлодарда екі жергілікті тұрғын мен Ұлттық ұлан сарбаздарының жанжалы қызу талқыға түсіп жатыр. Олар қаланың қақ ортасында текетіресіп, бір-біріне қол жұмсаған. Соның салдарынан жауынгердің біреуі көзінен айрыла жаздаған.

Оқиға түн жарымда орталық мешіт маңында болған. Екі азамат Ұлттық ұлан сарбаздарының намысына тиетін сөз айтса керек. Кейін әскерилер оларды учаскелік бөлімшеге алып кетпек болған. Алайда ішімдік ішіп алған жігіттер қарсылық білдіреді. Куәгерлердің айтуынша, әскерилер көшедегі жігіттерден медициналық бетперде киюін, әрі құжат көрсетуін талап еткен. Ал 26 және 37 жастағы екі азамат оған қарсылық білдіріп, содан жанжал туындапты. Ұлттық ұланның жауынгерлері ақыры күш қолданып, екеудің қолына кісен салды. Ұсталғандардың кішісі бұрын істі болған екен.

Жасқайрат Қайыров, Павлодар облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Ұлттық ұлан сарбазының біреуіне дене жарақатын келтірген. Көз тұсынан жараланған. Қол жұмсаған азаматтар ұсталып, қамауға алынды. Дерекке қатысты «бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Және сот-медицналық сараптама тағайындалды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде