{metadescription}
Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаны ластады
Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаны ластады

Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаны ластады

Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаны ластады. Бұған кәсіпорындағы биологиялық тазалау қондырғыларының істен шығуы себеп. Осының салдарынан техникалық суды буландыру алаңына жіберетін каналға  құрамында мұнай қалдығы бар тазартылмаған су да ағып кеткен.

Облыстық экология департаменті  бұл судан сынама алып, құрамында қауіпті химиялық элементтер бар екенін анықтады. Осыған байланысты енді кәсіпорын жұмысына жоспардан тыс тексеру жүргізілмек.  

- Ешқандай тазалық жоқ. Осының барлығы «сасыған балкаға  ағып жатыр. Қоршаған ортаға мыңдаған текше метр зиян тиіп жатыр.

Мұнай өңдеу зауыты өткен айда ғана ауаға зиянды газ жіберіп, басы дауға қалған болатын. Кешеден бері қоршаған ортаны тағы да ластап жатыр. Кеше ақау басталғаннан бері булану алаңына 7-8 мың текше метрге жуық мұнай қалдығы ағып кетуі мүмкін. Солай бола тұра, зауыт өкілдері каналға аққан «май емес» деп отыр. Ал бұл жағдайға жөндеу жүріп жатқанда электр қуатының сөніп қалуы себеп болған көрінеді. 

Ерсайын Жарбосынов, Атырау мұнай өңдеу заытының басқарма директоры: 

- Жөндеу жүргізіп жатқан кезімізде циркуляция жасайтын сорғышымыз тоқ болмай қалуынан істен шығып қалып, каналға билогиялық шламның шығып кетуіне қосымша әсерін тигізіп отыр. 

Экология департаменті қазір каналдағы су құрамына зертханалық сараптама жүргізіп жатыр. Зауыт басшылығы Экологиялық кодекстегі талапты өрескел бұзуымен қоймай, құзырлы мекемелерге хабар беруді қажет деп санамаған.

Әлібек Бекмұхамбетов, Атырау облыстық экология департаментінің басшысы: 

- Үш-төрт күнде нәтижесі шығады. Онан басқа да тексеріс жүргізіп жатырмыз. Экологиялық кодекске сәйкес екі сағат ішінде осындай жағдайда хабарлауы керек болатын. Олардан нақты хабарлама болған жоқ. 

Майы бетіне қалқыған зиянды қалдықтардың булану алаңына құйылуы жергілікті тұрғындардың дер кезінде дабыл қағуының арқасында ғана құзырлы органдардың құлағына жетті. Енді арнайы комиссия мүшелері экологияға келген залал көлемін анықтап, зиян көлеміне сәйкес айыппұл төлетеді.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде