{metadescription}
Әліппе қаңтар айынан бастап тәжірибе жүзінде оқытылады
Әліппе қаңтар айынан бастап тәжірибе жүзінде оқытылады

Әліппе қаңтар айынан бастап тәжірибе жүзінде оқытылады

Әліппе оқулығы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап тәжірибе жүзінде оқытылмақ. Пән зерттеліп сыналатын мектептердің тізімін білім министрлігі бекітіп қойған. Ал қазір Әліппе оқулығының оқу бағдарламасын жасау жұмысы аяқталған.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Байтұрсыновтың әдістемесін негізге ала отырып, қазіргі заманғы педагогиканың нақты талаптары ескеріліп, осы оқу бағдарламасының негізі жасалды. Жалпы Әліппені оқыту кезеңінің үш кезеңі бар екеніне тоқталғым келеді: бірінші – Әліппеге дейінгі кезең, екінші Әліппе кезеңі, үшіншісі – «Әліппеден» кейінгі кезең. Осының екі кезеңі Әліппе оқулығы арқылы іске асырылатын болады.

Қазақстандық оқушылар Әліппені бірінші жартыжылдықта оқиды. Мектепке енді барған балалар 96-98 сағат көлемінде әріптердің реттілігін, дыбыстардың дыбысталуын, олардан буынның құралуын, сөздерді, сөз тіркестерін қолдана білуді үйренбек.

Оқулықты әзірлегендер Әліппеде балалардың жасы мен физиологиялық ерекшелігіне баса мән берген.  Желтоқсан айында «Әліппемен» қоштасқаннан кейін оқушылар үшінші және төртінші тоқсанда Ана тілі пәнімен білім алуды жалғастырады.

Білім министрлігі оқулықты араға бес жыл салып қайта енгізіп отыр. Ал баспадан шыққан Әліппені мектептерге жергілікті атқарушы органдар сатып алып береді.

2016 жылдан бері еліміздегі мектептер жаңартылған білім мазмұны бойынша «Сауат ашу» оқулығын пайдаланып келеді. Дегенмен көптеген ата-ана Әліппені қайта енгізуді талап еткен.

Манара Адамова, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім орталығының директоры:

- Ата-аналардың тарапынан бұрынғы Әліппені көріп, Әліппеменен баласын, немересін оқытқан кісілер тарапынан оны іздегені рас. Енді «Сауат ашу» мен «Әліппенің» айырмашылығына келетін болсақ, бізде Әліппе оқулығы «Сауат ашудың» ішіне кіргізілген болатын. Енді қазіргі әзірленіп жатқан оқу бағдарламасына сәйкес шығарылатын Әліппеоқулығы бөлек болады. Ана тілі оқулығы да бөлек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде