Адам органдарын саудалаған дәрігерлер сотталды
Адам органдарын сатты деп айыпталған отандық дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты. Еліміздің бас трансплантологы Ғани Құттымұратов 2 жыл 6 айға сотталса, шымкенттік аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай мүлдем ақталып шықты. Ал үшінші айыпталушы, Қырғызстан азаматшасы Бермет Тайсаловаға сот алты жыл жаза кесті.
Автор: Бек Әбиев
02.11.2020
Бұл үштіктің ішінде қырғызстандық азаматша ғана әу бастан қылмысты білген әрі ұйымдастырған. Ал қос дәрігер мүлдем білмепті. Бермет Тайсалова 2017-2018 жылдар аралығында шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлермен сөз байласып, донор мен реципиенттердің құжатын жалған жасап отырған, Құттымұратов пен Донбай бұл құжаттарға сеніп, адам органдарын алып келіпті. Ғани Құттымұратов пен Абылай Донбай адам органдарын заңсыз алғанын білмеген көрінеді. Ал бас трансплантологқа 2 жарым жыл жаза оның ота кезінде кездейсоқ пациентке ВИЧ жұқтыруына себеп болғаны үшін беріліпті. Нұр-Cұлтанда шығарылған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!