Қайғылы жағдай: Меркі ауданында екі адам ыстан уланып өлді
Жамбыл облысында қайғылы жағдай. Меркі ауданында екі адам ыстан уланып өлді. Тағы үшеуі ауыр халмен ауруханаға түскен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
02.11.2020
35 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне енесі және қайын әкпесі күндіз қонаққа келген. Сол отырыста бәрі ыстан уланып, енесі мен әйелі ажал құшқан. Ал өзі және баласы, сондай-ақ келіншегінің әкпесі ес-түссіз ауруханаға түсіпті. Болжам бойынша, қайғылы жағдайға мұржадағы ақау себеп. Соның ұқыпсыз жалғанған тұсынан бөлмеге ыс тараған. Ал улы газ желдеткіштің ауызы бекітулі болуына байланысты ішке тараған. Істің ақ-қарасын анықтау .шін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Олжас Сайлаубекұлы, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы:
- 1977, 1985 және 2013 жылы туған азаматтар ауруханаға жеткізілді. Соңғы мәлімет бойынша, 7 жастағы бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Барлығына қажетті ем-дом көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне еш қауіп жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!