{metadescription}
Ковид-19: Алдыңғы аптамен салыстырғанда ауырғандар екі есеге көбейді
Аурудың беті қайтар емес. Соңғы тәулікте елімізде коронавирусқа шалдыққан адамдардың саны 442 болды. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда екі есеге көп.
Автор: Асқарбек Қазанғап
02.11.2020
Ал қос өкпесі қабынғандардың қатары бір күнде тағы 41 науқаспен толықты. Кешелі бері қос індеттен бақилық болғандардың саны бесеу. Осылайша вирус құрбандары 1857-ге, коронавирус пневмониясынан көз жұмғандар 402-ге жетті. Күздің бел ортасынан асқанда ахуал асқына бастағандай. Ковид 19-ға шалдыққандардың жалпы саны 112 мыңнан асса, пневмониямен ауырғандар 38 мыңнан асып жығылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!