{metadescription}
Қай өңірде карантин режимі күшейтіліп жатыр?
Қай өңірде карантин режимі күшейтіліп жатыр?

Қай өңірде карантин режимі күшейтіліп жатыр?

Еліміздің шығыс және орталық өңірлерінде карантин режимі күшейтіліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысын көршілес өңірлермен байланыстыратын жолдардың барлығына санитарлық бекет қойылды. Ал Қарағанды облысының осы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына баратын күре жолдарына да санитарлық бекеттер 4-қарашадан бастап қойылатын болды. Ақмола облысында да карантин режимінің күшеюі мүмкін. Себебі, облыста кеселдің кесірінен бүтін бір кен орны оқшауланды.

Өскеменнің өзінде 7 санитарлық бекет жұмыс істеп тұр. Қалғандары Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарымен шекаралас жерлерде орналасты. Енді бұл өңірге кіріп шығу шектелді. Шығыс Қазақстан облысынан пойыз немесе ұшақпен аттану үшін жолаушылардың қолында інтеттен амандығын растайтын анықтамасы болуы шарт. Ал карантиннің бұл талабын орындамағандарға қомақты айыппұл салынады. Енді осындай анықтама беретін орталықтар оған ағылған жұрт нөпірін қабылдай алмай есі шығып жатыр. Мамандар: «Анықтама сұрамасқа амал жоқ», - дейді. Өйткені өңірде күнделікті 200-ден астам адамнан вирус анықталып жатыр.   

Бағлан Тауанова, ШҚО тауар мен қызмет сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері – тұрғындар мен кәсіпкерлік субектілерінің эпидемиологияға қарсы шараны сақтамауы. Сондай-ақ көршілес елдерден келетін тауар тасымалының көптігі.

Қарағанды облысы шекарасында жұмыс істеп тұрған 8 бекетке қарашаның 4- нен бастап тағы күшейтілген үш санитарлық бекет қосылады. Олар Қарағандыдан Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарына шығатын күре жолдарда. Санитарлық бекеттен ПТР тест анықтамасы барлар ғана өтеді. Оның өзінде арнайы сайт арқылы рұқсат алуы шарт.

Қайрат Шарманбаев, Қарағанды облыстық КВИ бойынша арнайы штабы жедел әрекет ету орталығының жетекшісі:

- Егер жолаушы рұқсат қағазын тойға немес қонаққа бара жатырмын деп сұраса, тиісінше оған рұқсат жоқ. Дегенмен басқа мақсатпен кетіп бара жатырмын деп алдауы да мүмкін, оған санитарлық бекет тосқауыл бола алмайды. Бірақ пандемия кезіндегі қитұрқы әрекет әр адамның санасына байланысты болуы керек.  

Ақмола облысындағы Семізбай кеніші карантинге жабылды. Алғашқыда вирус кеншіден анықталған. Осыдан кейін вахталық әдіспен жұмыс істейтін 180 адам түгел кароновирусқа тест тапсырыпты. Олардың 43-нен ковид расталған. Осыған байланысты кәсіпорын жұмысын тоқтатып, кеніште залалсыздандыру жұмысы жүргізілмек. 

Жайнагүл Мусина, Ақмола облыстық тауар мен қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы:

- Кәсіпорынға барып, кеншілермен байланыста болған адамдарды анықтадық. Вирус анықталғандарды ауруханаға жөнелттік. Тағы 90 кенші тестті екінші қайтара тапсырды. Олардың қорытынысы әлі дайын емес. Кәсіпорынды карантинге жабуға тура келді.

Сонымен қатар Ақмола облысында балабақша тәрбиешісі мен 8 бүлдіршіннен коронавирус анықталды. Олар Көкшетау қаласы мен  Бурабай аудандарынан. Қазір олар барып жүрген бақшадағы топтар жұмысын тоқтатты.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде