{metadescription}
Жарты миллиардты жеп қойғаны рас па? Экс-министр Елжан Біртанов қамауға алынды
Жарты миллиардты жеп қойғаны рас па? Экс-министр Елжан Біртанов қамауға алынды

Жарты миллиардты жеп қойғаны рас па? Экс-министр Елжан Біртанов қамауға алынды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұсталды. Неше күннен бері ел құлағын шулатып қойған алыпқашпа сөзді Экономикалық тергеу қызметі бүгін ғана ресми түрде растады.

Экс-министр ірі көлемдегі мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілінген.

Біртанов қазір қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Үш күн бұрын тараған ұзынқұлақта бюджеттің 526 миллион теңгесін жымқырғаны туралы сөз болған еді. Ресми органдар әзірге қаржы көлемін нақты айтпай отыр. Естеріңізде болса, екінші тамызда Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталған болатын. Ол денсаулық сақтау саласын цифрландыруды ілгерілетуі тиіс ақпараттық жүйені дайын болмаса да қабылдап, жарты миллиард теңгеден астам қаржыны тапсырыс орындаушылардың шотына аударта салды деген күдікке ілінген. Араға үш ай салып, енді экс-министрдің өзі ұсталып отыр. Айта кетейік, бұрынғы министр Біртанов коронавирус таралуына қатысты қате болжам жасағаны үшін және дәрі тапшылығы мен медицина қызметкерлерінің жаппай COVID-19 жұқтыра бастағаны үшін бірнеше рет президент сынына ұшыраған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде