{metadescription}
Кәсіпкерлер карантинге қарсы
Кәсіпкерлер карантинге қарсы

Кәсіпкерлер карантинге қарсы

Семейде кәсіпкерлер жергілікті билікке талап қойды. Олар қатаң карантинді жеңілдетіп, жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрады.

Меруерт Мәңкиев, кәсіпкер:

- Енді біз талап етеміз. Сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеуге мүмкіндік берсін. Бізде жалғыз басты аналар жұмыс істейді. Менің өзімнің де екі балам бар. Кредитім бар.

40-қа жуық кәсіпкер өңірлік санитар дәрігердің соңғы шешіміне наразылық білдірді. Өйткені қаулыда сауда орындары және моншаларға жұмыс күндері кешкі сағат 9-ға дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат берілген. Оның өзінде карантин талабын қатаң сақтауға міндеттелген еді. Ал демалыс күндері кәсіпкерлер үшін кәсібін дөңгелетуге мүлдем рұқсат жоқ. Енді соның салдарынан шаш етектен шығынға баттық деп отыр. Олардың айтуынша, берілген жұмыс кестесі қолайсыз. Себебі, жұрттың көбі жұмыстан кеш шығатын көрінеді. Дегенмен, мамандар кәсіпкерлердің бұл талабы 6 қазанға дейін қарастырылатынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде