{metadescription}
​​​​​​​Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғындары ПИК қызметіне ашулы
​​​​​​​Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғындары ПИК қызметіне ашулы

​​​​​​​Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғындары ПИК қызметіне ашулы

Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғындары шу шығарды. Ашулы жұрттың айтуынша, бір жылдан бері пәтер иелері кооперативі жөнді жұмыс істемей, қызмет сапасын төмендетіп жіберген. Тіпті ағайынның айтарын жүрдім-бардым тыңдайтын төраға ай сайын төленетін қыруар қаржының қайда жұмсалғаны жөнінде ешкімге есеп бермейтін көрінеді.

- УДН үшін 9 миллион алты жүз, ақшамыз қайда кетіп жатыр?! Енді Берікті шақырайықшы.

Қаланың қақ ортасындағы элиталық тұрғын үй кешенінен береке қашқанына бір жылдан асыпты. Күн сайын пәтер иелері кооперативін торуылдаған жұрт «үйіміздің сырты бүтін көрінгенімен, іші түтін» деп мұңын шағады. Тұрғындардың айтуынша, соңғы уақыттары қызмет сапасы күрт төмендеп кеткен. «Едендегі қаптамалар алынып, іргемізде егеуқұйырық өріп жүр» деп шағымданғандар бүлінген заттың қалпына келмейтінін айтады.

Татьяна Молдашева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қоқыс төгетін жер үнемі толып тұрады. Бұрынғыдай уақтылы алып кетпейді. Шілде айында терезені жуып кетуі керек болған. Қызметкерлер қыркүйек айында әрең келді. Тіпті, келесі үйдің әйнегін әлі жуған жоқ. Жеделсатыға 3 миллион теңге, ал жарықтандыруға 9 миллион теңге қарыз.

Ербол Тоқбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қызмет сапасының кері кеткенін анық байқайсың. Маңайды тазартатын қызметкерлердің де жартысын жұмыстан шығарды. Соның кесірен аула уақтылы жиналмай жатады. Жүгіріп жүрген егеуқұйрық көресің. Тұрғын үй кешеніндегі 16 жеделсатының 4-5-і істен шыққан.  

Тұрғындар былтыр пәтер иелері кооперативі ауысқаннан бері тығырыққа тіреліпті. Ашулы ағайын: «Қыруар қаражат негізгі мақсатқа жұмсалмай, әлдекімнің қалтасына түсті ме?» - деп қауіптенеді. Ал тұрғын үй кешенінде 540 отбасы барын ескерсек, айына төленетін қаржы да осал емес. Бірақ ешкімге есеп бермейтін төраға тұрғындардың сауалын жүрдім-бардым тыңдап, базынасын бұйым құрлы көрмейді екен.

Татьяна Молдашева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Төрағаға бірнеше мәрте шағым айтып бардық. Уәдені үйіп-төгіп, «бәрі жақсы» деп шығарып салады. Тіпті, кейде «сендер кімсіңдер» дегендей кеудесін керетіні бар. Расында біз ешкім емес шығармыз, бірақ  бәрін дер кезінде төлеп отырамыз. 

Төрағадан қайыр күтпеген жұрт қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасына хабарласыпты. Алайда ол жақтан да тыңдар құлақ табылмаған. Ал тұрғындар орнынан таппаған төрағаны жылдық есепке дайындық үстінде деп сендірген пәтер иелері кооперативінің өкілдері  «міндетімізде мін жоқ» деп ақталды. 

Әлібек Найзабекұлы, «БЖТ» ПИК шаруашылық бөлімінің басшысы:

Тұрғындардың айтқанының шыны да бар, жалғаны да бар. Шын жағынан біз жұмыс істеп жатырмыз. Жұмысымызды толық атқарып жатырмыз. Көктемде есеп бердік. Көктемде әлемде болып жатқан жағдайға байланысты қазір енді 10-қарашаға дейін айтамыз. 

Алайда күнде ертеңнен әбден қажығандар Алматы қалалық әкімдігі мен прокуратураға шағымданбақ. Қазір қол жинап жатқан тұрғындар қоғам назарын аудару мақсатында митингке шығуды көздеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.