{metadescription}
Ақш-тың келесі президенті кім болады?
Ақш-тың келесі президенті кім болады?

Ақш-тың келесі президенті кім болады?

Текетіреске толы сайлау. АҚШ-та президент сайлауы аяқталып, дауыс саны есептелуде. Әзірге елді келесі кезеңде кім басқаратынын айқын анықтау мүмкін болмай тұр. Өйткені, Жозеф Байден мен Дональд Трамптың көрсеткіштерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Тіпті, сәт сайын тықыршыған Трамп «жеңісімді ұрлап жатыр» деп шағымданды.

АҚШ-тағы ең соңғы сайлау учаскесі Аляскада жабылды. Кейбір дерек көздерінде республикашыл Дональд Трамп штаттар саны жағынан алға шыққанымен, демократ Жозеф Байден таңдаушылар арасында көбірек дауыс жинаған. Екеуі де сайлауда жеңіске жететіне бек сенімді. Бірақ, Солтүстік Каролина, Джорджия, Техас, Мичиган, Пенсильвания және Висконсин штаттарындағы жағдай мүлде бөлек. Бұл аймақтарда қос үміткер де басымдыққа ие болмаған. Айта кетейік, АҚШ-ғы президент сайлауында жеңіс тұғырынан көріну үшін кандидаттар 270 дауыс иеленуі қажет. Қазірге дейін Джозеф Байден 238, ал Дональд Трамп 213 дауыс жинаған. Бір қызығы, АҚШ жұртының жартысына жуығы пошта арқылы мерзімінен бұрын дауыс берген. Сондықтан дауыс санын есептеу ұзаққа созылуы ғажап емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде