Ажалдан арашалап қалды
Павлодарда полиция қыметкері өртеніп жатқан көліктің ішінде қалып қойған адамды құтқарып қалды. Жолаушы машина апатқа ұшыраған кезде салонда бастырылып қалған екен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
04.11.2020
Кеше қас қарая қалаға кіре беріс жолда «Тойота» мен «Ауди» бір бірімен соқтығысып, соңғысы бірден жанып кеткен. Жалын шарпыған машинаның жүргізушісі мен үш жолаушы сыртқа дереу шығып үлгерсе, біреуі салонда қыстырылып қалған. Жан дауысы шыққан оны оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшысы құтқарып үлгеріпті. Қайта, багаждағы газ балоны атылмаған. Әйтпесе, қайғылы жағдай болуы мүмкін еді. Аудидің түгі қалмай өртеніп кетті. Жол апатынан екі адам зардап шеккен. Қазір олар ауруханада жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!