{metadescription}
Өтіріктің өтеуі: жалған анықтама жасаймын деп жұмысқа жегілді
Өтіріктің өтеуі: жалған анықтама жасаймын деп жұмысқа жегілді

Өтіріктің өтеуі: жалған анықтама жасаймын деп жұмысқа жегілді

Еңбекке жарамсыздығы туралы жалған анықтама жасатқан қарағандылық азаматша сот шешімімен көше сыпыруға мәжбүр болды. Жұмысқа бармаудың айласын таппақ болған әйел енді қоғамдық жұмыспен қоса айыппұл да арқалаған.

Қоғам алдындағы борышын өтеп жүрген Ирина Орлова жұмыстан кешікпейді, сұранбайды да. Осы шаруаға арналған, ұранды жазуы бар күртешені киіп саябақты сыпыруда алдына жан салмай жүр. Жұмыстан жібермеген соң еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы қолдан жасап едім дейді. Онысы әшкере болған соң, сот шешімімен 14 мың теңге айыппұл мен 60 сағаттық қоғамдық жұмыс жазасы кесілген. Қарамағына осындай еңбекқор әйелдің келгеніне қылмыстық атқару жүйесіндегілер де таң-тамаша. Себебі қоғамдық жұмыстағы ұры қары мен бұзақылардың арасында Ирина арпа ішінде бір бидай боп жүр.

Ирина Орлова:   

- Әрине осындай әбестік жасағаныма 150 мәрте өкінемін. Бір нәрсе істемес бұрын мың ойлану керек екен. Өз басыңа бәле іздемей өмір сүргенге не жетсін. Бұл ісім үшін өзім ғана кінәлімін.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде