{metadescription}
Саяси партиялар санитарлық талаптарды сақтасын
Саяси партиялар санитарлық талаптарды сақтасын

Саяси партиялар санитарлық талаптарды сақтасын

Қазақстандық партия мүшелері съезд өткізер алдында коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырғаны дұрыс. Еліміздің бас санитар дәрігері саяси партияларға осындай кеңес айтты. Тіпті, Ерлан Қиясов съезд кезінде әрбір қатысушы өз қаламын қолдануы керек дейді.

Ерлан Қиясов, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Шараның барлық қатысушысына съезд алдында 72 сағат бұрын COVID-19-ға ПТР тесттен өтуді ұсынамын. Егер тест арқылы коронавирус бар екені анықталса, ондай адамдарды ғимаратқа кіргізбеген жөн. Съездің әр қатысушысында жеке қаламы болуы керек. Бар жауапкершілік шараны ұйымдастырғандарға жүктеледі.

Жалпы алғанда, Денсаулық сақтау министрлігінің қалған сақтық шаралары бұрынғысынша. Съезд өткізуге жауаптылар қатысушылардың дене қызуын өлшеу, бетперде тағу режимі мен арақашықтықты сақтауды қадағалауы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау 2021 жылдың 10-шы қаңтарына белгіленген. Бүгін орталық сайлау комиссиясы Парламенттің төменгі палатасының саяси додасына қатысатын алты партияның тізімін бекітті. Аталған алты партияның бәрі мәслихаттардың да сайлауына жіберілді, бірақ бүгін ғана атауын өзгерткен бұрынғы «Бірлік» партиясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының сайлауына қатыса алмайды. Өйткені енді аты «Адал» болған партияның 16 өңірде филиалы болғанымен, Түркістан облысы мен Шымкентте бөлімшесі жоқ екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде