{metadescription}
Елімізде 3400 жұмысшы маңдай терімен тапқан айлығын ала алмай жүр
Елімізде 3400 жұмысшы маңдай терімен тапқан айлығын ала алмай жүр

Елімізде 3400 жұмысшы маңдай терімен тапқан айлығын ала алмай жүр

Қазақстанда жалақы бойынша қарыз бір миллиард теңгеге жетті. Отандық кәсіпорындардан үш мың жұмысшы ақшаларын ала алмай жүр.

Ал берешектің көлемі жағынан Алматы мен Алматы облыстары көш басында. Мұндай мәселені бүгін сенат қабырғасында депутаттар көтерді.

Андрей Лукин, Сенат депутаты:

- Әлеуметтік шиеленістер мен еңбек дауларының қаупін бақылау мүмкіндігін қарастыру, әр кәсіпорын үшін әлеуметтік тұрақтылық индексін анықтау керек. Сондай-ақ, оларды шешудің нақты шараларын әзірлеумен әр проблемалық кәсіпорынның жағдайын бағалаған және жұмыс істеп тұрған қала құраушы әрі ірі кәсіпорындарға айырықша көңіл бөлген жөн. Олардың жағдайы аймақтардағы саяси-әлеуметтік ахуалға әсер етеді.

Депутат ұсынған ресми мәліметке сәйкес, бүгінде елімізде 3400 жұмысшы алдындағы жалақы қарызының жалпы сомасы бір миллиард теңгеге жетіп жығылады.

- Қарыздың көлемі жағынан Алматы қаласы 125 миллион 800 мың теңгемен көш бастап тұр. Алматыда 119 миллион теңгедей болса, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 100 миллион теңгеден асады.

Сенатор талдау кезінде маңызды мәселелерді анықтағанын алға тартты. Мәселен, 536 миллион 300 мың теңге қарыз болған 50 кәсіпорын қазір жұмыс істеп тұрған жоқ. Соның 42-і банкротқа ұшырапты. Бұдан бөлек, 16 кәсіпорын 115 миллион теңгеден аса соманы төлей алмайды екен. Өйткені қарызды жабуға мүлкі жоқ. Ал 34 кәсіпорын бойынша сот даулары созылып кеткен. Олар жұмысшыларға жарты миллиардқа жуық теңге жалақысын төлеп беруі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.