{metadescription}
«Аферисты» телехикаясы келесі аптадан бастап көрерменге жол тартады
«Аферисты» телехикаясы келесі аптадан бастап көрерменге жол тартады

«Аферисты» телехикаясы келесі аптадан бастап көрерменге жол тартады

Алаяқ пен адамдықтың арасы - бір адым! Кино сүйер қауымды КТК арнасы түсірген «Аферисты» атты жаңа телехикаяны көруге шақырамыз. Бұл туындының өзгелерден ерекшелігі мен артықшылығы орасан. Сериал желісіне әдеттегідей ғашықтар хикаясы емес, қазіргі замандағы адамдарды зар жылатқан алаяқтар арқау болған. Сондай-ақ, ет жақыны үшін жанын беруге даяр атаның әртүрлі әрекеті көрсетіледі. Жаңа туындының қоғамға ой салар қандай жаңалықтары бар? Толығырақ тілші материалында.

Фильмнің желісі берекелі отбасының бір-ақ сәтте басына қара бұлт төнуінен басталады. Алпысты алқымдаған ақсақал сюжет бойынша өмірін қатерге тігіп, арам жолмен ақша табуға кіріседі. Бұл әрекетті ол немересін аман алып қалу үшін жасайды. Өйткені жан дегенде жалғыз немересі қатерлі дертке шалдыққан.

Немересін аман алып қалудың жалғыз жолы - шетелде емдету. Ол үшін бақандай 120 мың доллар қажет. Зейнеткер мұндай қаражатты аз уақыттың ішінде адал еңбегімен таба алмайтынына көзі жетіп, өзге амалын қарастырады.

Осылайша айлакерлер қазіргі қоғамда кең етек жайған алдап-арбау тәсілін қолданады. Сөйтіп әр адамның атына несие алып, оларды қан қақсатады. Амалсыздан алаяққа айналғандар да айласын асыру үшін талай қиындықтарына тап болады.

Кинокартинаға еліміздің ең танымал актерлері таңдап алынған. Арасында Ержан Түсіпов, Фархат Әбдірайымов, Алтынай Жолдыбаева бар. Сондай-ақ, сериалдың продюсері қазіргі уақытта құрығына құрық байламайтындардың көбейгенін айтады.

Максим Акбаров, продюсер:

- Еліміздегі ең басты мәселенің бірі түрлі ауруха шалдығып жатқан сәбилер болып тұр. Қазірдің өзінде көмекке, емге зәру бүлдіршіндер өте көп. Ал ата-анасы оларды айықтыруға ақша таппай әлек. Солардың барлығын көріп отырып, олардың жағдайы қандай болып жатқаны туралы ой толғандырды. Мүмкін алаяқтар арасында осылай мәжбүрлі түрді барып жатқандар көп шығар деген оймен осы киноны түсіргім келді.

Өмірдің сан қилы соқпағын бейнелейтін картина көрермен назарына ұсынуға дайын. Шығармашылық ұжым телехикаяның киносүйер қауымның қызығушылығын оятып, ой саларына сенімді. Ендеше, алдағы аптада көрсетілетін отбасылық жаңа туындыны бірге тамашалайық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде