{metadescription}
Студенттер сабаққа қашан барады?
Студенттер сабаққа қашан барады?

Студенттер сабаққа қашан барады?

Еліміздегі жоғары оқу орындары өз студенттері үшін есігін қайта ашуы мүмкін. Бірақ әлі нақты шешім емес дейді Білім министрлігіндегілер. Өйткені, дәстүрлі форматқа оралуға бас санитар дәрігер рұқсат беруі тиіс.

Әділет Тойбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департаменті директоры:

- Бұл шешімді құзырлы орган ретінде өзіміз жеке қабылдамаймыз. Оны шешетін ең басты тұлға, ол – бас санитарлық дәрігер. Егер осы кісілердің тарапынан белгілі бір шешім қабылданатын болса, біз міндетті түрде келесі семестрден, демек, қаңтар айынан бастап жоғарғы оқу орындары оффлайн форматына ауыстыруға дайынбыз.

Мұғалімдер мен студенттердің денсаулығына алаңдаған министрліктегілер қазір елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын күтіп жүр. Әйтпесе, жоғары оқу орындары барлық талапты сақтай отырып, студенттерін қарсы алуға әзір. Бүгінде 128 жоғары оқу орнының 620 мыңдай студенті қашықтан оқып жатыр. Кейбірінің интернеті болмағандықтан, университет жатақханаларында жатып, білім алуда. Араларында шетелдік азаматтар да бар. Білім министрлігі пандемия кезінде шет елден келіп Қазақстанда оқығысы келетіндердің қатары керісінше артқанын айтады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде