{metadescription}
Жетімдердің ақшасын ұрлаған алаяқтар ұсталды 
Жетімдердің ақшасын ұрлаған алаяқтар ұсталды 

Жетімдердің ақшасын ұрлаған алаяқтар ұсталды 

Жетімдердің ақшасын жымқырған! Таразда балалар үйі тәрбиеленушілерінің есеп шотындағы үй аламыз деп жинаған қаражатты алаяқтық жолмен ұрлағандар анықталды. Белгілі болғаны, бірнеше адамнан тұратын қылмыстық топ жеті жеткіншекті тақырға отырғызған. Қолды болған соманың көлемі мен күдіктілердің кім екенін тілшіміз айтып берсін.

Светлана облыстық балалар мен жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі. Екі жыл бұрын есеп шотынан 2 млн. 300 мың теңге ұрланған. Ол алаяқтарға алдандым дейді. Айтуынша, құрбысы бір ерлі-зайыптымен таныстырған. Сол бейтаныс біреулер оның іші-бауырына кіріп, соңында тақырға отырғызыпты.

Светлана Чеславлева, жәбірленуші:

- Ерлі-зайыпты және тағы бір нотариус кісімен жолықтық. Олар мені қояр да қоймай пәтерге кіргізіп алды. Сөйтіп балам ару, оған көмек керек деді. Сол жерде жылап-сықтап, тек сен ғана көмек бере аласың деп, бір құжаттарға қол қойғызды. Ал, ертесіне пәтер аламын деп жинаған банктегі ақшам жоғалып кетті.

Светлана болған жайтты дереу директорға айтқан. Артынан дау көтереліп, тағы 6 тәрбиеленушінің сан соғып қалғаны анықталады. Жалпы сомасы 15 млн теңгеге жуық қаражат жоғалған. Күдіктілер жәбірленушінің кейбірін алдап түсірсе, кейбірін қорқытыпты.

Ләззат Мәдиева, Жамбыл облыстық Балалар мен жасөспірімдер үйі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- Әр баланың шотынан 2 млн-нан жоғары ақша ұрланған. Балалардың айтуы бойынша, олардың біразы қорыққаннан қол қойған. Біразы білмеген. Қалай шешілгенін бізде түсінбедік. Себебі бұл жерде нотариус қол қойған. Және куәліктер жасалған.

Жәбірленушілер арыз жазғаннан кейін 25 жастағы келіншек қолға түсті. Ол осы балалар үйінің бұрынғы түлегі екен. Полицейлер күдікті жетімдерге үй әперемін деп алдаған дейді. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалыпты. Ал оның сыбайластарына қатысты әзірге мәлімет жоқ. 

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Ол облыстық балалар мен жасөспірімдер үйінің түлегі бола тұра, күдікті осы мекеме түлектерінің шотынан мемлкекеттік жылжымайтын мүлік сатып алуға бөлінген ақшалай қаражатты алуға қатысты болған.

Жетімдердің қолды болған қаражаты мемлекеттен берілген. Олар бір тиынын жартпай, айма ай түскен ақшаны банкке жинап, үй аламыз деп үміттенген еді. Алайда, алаяқтар онсыз да тағдыры қиын балаларды тақырға отырғызып кетті. Енді ұрланған қаражат қайтарыла ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.