{metadescription}
Шым-шытырыққа толы тағы бір фильмнің тұсауы кесіледі
Шым-шытырыққа толы тағы бір фильмнің тұсауы кесіледі

Шым-шытырыққа толы тағы бір фильмнің тұсауы кесіледі

«Жақыным алыс»! Жанды тебірентер осындай атаумен КТК телеарнасы су жаңа сериалдың түсірілімін аяқтады. Телехикая 20 жыл бұрын шалыс басқан келіншектен туған қыз жайлы.

Бойжеткен ет-жақындарын табу үшін қандай әрекеттерге барады? Сүйген жігіті туған ағасы болып шығуы мүмкін бе? Талай тауқымет тартқан қыздың ендігі тағдыры қалай болмақ? Мұның бәрін жақын арада КТК ұсынатын сериалдан көріп біле аласыздар.

Жаза басқан бойжеткеннің өмірі бір-ақ мезетте өзгеріп шыға келеді. Нағыз шым-шытырық осыдан басталады. Әкесі мен анасының тұрмыс құрмай, жүкті болған қыздарына қойған талабы да қатаң. Сөйтіп, арды өртеген ұят нәрестені балалар үйіне өткізуге дейін жеткізеді. Аңқаулықпен аңдамай басқан қадамы соңынан қалмаған Гаухардың рөлін Айнагүл Ұлмесекова сомдайды.   

Айнагүл Ұлмесекова, актриса:

- Халыққа айтатын нәрсесі көп. Жастарға оның ішінде үлкендерге. Шалыс басқан қадамы үшін ар алдында жауап беруді ұғындыратын сондай-бір өнегелі фильм деп айта аламын. Кейіпкерім Гаухардың образы қазақ қыздарының, қазақ әйелінің қайсарлығы, шыдамдылығы, қандай да бір қиындыққа төтеп беретіндігі жөнінде сипатталады. 

Телехикая Гаухардың балалар үйіне қалдырған қызының тағдыры төңірегінде өрбиді. Өзге отбасында тәрбиеленіп келген Әсел өзі туралы шындықты бойжеткен шағында бір-ақ біледі. Алайда сыр сандығын ашуға асықпаған ол да туған ата-анасын үнсіз іздей бастайды. Сөйтіп, тосын оқиғаларға тап болады. Ал Әселдің рөлі өзіне аяқ астынан бұйырғанын айтады.

Ақсәуле Молдахметова, актриса:

- Мендегі негізі кастингке келген кезде мені басқа рөлге көргісі келді. Продюсер мені байқап, осы басты рөлін көрейік, көзіне қарап біліп тұрмын, ойнап алып-шыға алатынын. Көріп тұрмын Әселді деді. Сонымен мен ойнап эмоциямды барынша көрсетіп, тырыстым. Сол жерде жаңағы өлім болады. Мені кінәлап алып кететін бір сәт бар. Қатты менің есімде қалды сол сәт.

Телехикая желісі шетелдің шытырман оқиғалы фильмдерінен асып түспесе, кем емес. Өйткені жақындарын етене білуге барған Әсел үйден ғашығын көріп қалады. Сөйтсе сүйгені де сол отбасының баласы. Бұған қоса, бойжеткен басына қара бұлт үйірілген жақын құрбысына да қол ұшын созуды ұмытқан емес. Сериал режиссері шынайы өмірде де мұндай жағдайлар көптеп кездесіп жатады дейді.

Андрей Сухоногин, режиссер:

- Фильм үлкен махаббат туралы. Шынайы сезім бар жерде қиындық та ұмытылып, өкпе-реніштер кешіріледі. Жастарымыздың бір-біріне достық көзқараспен қарап, қателеспегенін қалаймыз. Өйткені бір қателігің өмірлік өкінішке айналуы мүмкін. Сондай-ақ, сериал әлеуметтік мәселені, тастанды балалардың тағдыры, достықпен қатар жүретін сатқындықты суреттейді.

Авторлар өмірде әр сәтіңді сәтті пайдаланып, адалдықты ту ету керек дейді. Ендеше, жеңіл дүниеден жалықсаңыз, 12 бөлімді жаңа телехикаяны КТК арнасынан көруге асығыңыз. Картина келесі аптадан бастап сағат 17:00-де көрерменге жол тартады. Сондай-ақ, ютуб-арнамыздан да тамашалауға мүмкіндік бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде