{metadescription}
Аядай аулаға үй салуға қарсы
Аядай аулаға үй салуға қарсы

Аядай аулаға үй салуға қарсы

Көкшетауда жұрттың наразылығынан кейін баспанаға мұқтаж жандарға арнап салынып жатқан ғимараттың құрылысы басталмай жатып тоқтап қалды. Қаладағы жаңа ықшамауданның тұрғындары аулаларына тағы бір үй тұрғызылуына қарсылық білдірген. Олар тіпті құрылыс үшін жер қазуға келген техникаларды айғайлап жүріп қуып жіберіпті. Мұнда онсыз да көлік қоятын жер жоқ. Балалар алаңқайы да дұрыс жасақталмаған. Сондықтан құрылысқа қалай да жол бермейміз дейді тұрғындар.

Ал әкімдіктегілер наразылықтан кейін жылдап пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арнап салынатын үйдің құрылысы тоқтап қалды деп отыр.

Осылай деп шу шығарған тұрғындар есік алдына 5 қабатты тұрғын үй құрылысын бастамақшы болған мердігер компанияға қарсы өре түргелді. Жаңадан салынып жатқан осы Сарыарқа ықшамауданында бұлардың өздерінің тұрып жатқанына 5 жыл ғана болған. Сондықтан балалар алаңқайы жаңаша жабдықталып, маңайы абаттандырылады деп күтіп жүрген. Әзірше, ересектер балаларға бос жатқан жерге уақытша футбол алаңын жасап беріпті. Енді сол жерде тұрғын үй бой көтермек.

Клара Ыбыраева, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Трактормен келіп, өздерінше үй саламыз деді. Мынау балалардың футбол алаңына.Терезеден күнде қарап отыратынбыз балалар ойнап жүргенде. Анау мердігер айтады, маған қай жерге қой десе, сол жерге қоям деп. Сонда жұрттың басына сала ма?

Осы жағдайды  естігеннен бері жұрттың екі көзі далада. Ауланы құрылыс компаниясынан қорып отыр. Бұл жерде онсыз да көлік тұрағы жоқ. Аулада орнатылған мына шамдар соңғы 5 жылда бір рет те жанбапты. Ал ауланың қақ ортасына газгольдер орната салған. Бұл балалар үшін  қауіпті. Енді осы жерге көпқбатты үй бой көтерсе күн көзін көруден қаламыз дейді жиналғандар. Ал әкімдіктегілер құрылыстың талапқа сай екенін айтады.

Рауан Оспанов, Ақмола облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Мердігер компания құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға тиіс болатын. Бірақ тұрғындар кедергі келтіріп тұр. Ол бос жер. Жер актісі бар. Жоба  кешенді мемлекеттік сараптамадан өткен.  Барлық құжаттары заңды. Автокөлік тұрағы да салынады. Ол жаңа ықшамаудан болғандықтан, құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Көкшетау қаласында 8800 адам үй кезегінде тұр. Бұл 5 қабатты үй баспанаға мұқтаж жандар үшін тұрғызылмақ. Құрылыс жұмыстары осы қарашада басталып, келесі жылы тапсырылуға тиіс. Бірақ мердігер тұрғындардың кедергісіне тап болып, жұмысты тоқтатқан. Шынымен, шатыр тігіп, тұрғындар құрылысқа жол бермесе, әне-міне пәтер аламыз деген 40 отбасының қоныс тойы тойланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде