{metadescription}
Алғашқы қар жүргізушілерді титықтатты
Алғашқы қар жүргізушілерді титықтатты

Алғашқы қар жүргізушілерді титықтатты

Алғашқы қардың әлегі! Қарағанды облысында жүргізушілер алғаш жауған ақ ұлпадан жүре алмай, көкатайғақта естері шықты. Республикалық тас жолдарда да ұзын-сонар кептелістер пайда болған. Ақ қар, көк мұз Ақтөбені де әбігерге салып, өңірде жол апаттары жиіледі.

Жергілікті билік желіде көктайғақ салдарынан мұрындарына су жетпей жатқанын көрсетіп бағуда. Алайда қарағандылықтар мұның нәтижесін байқамағандай. Өйткені жұмысқа ағылған таңғы уақытта жолаушылардың өздерінің автобусты итеруіне тура келді. Соның салдарынан жолдарда бірнеше шақырымға созылған кептелістер пайда болды. Қала сыртындағы жағдай да мәз емес. Көктайғақтың кесірінен Қарағанды- Нұр Сұлтан тас жолы жабылды. Ал осы күре жолға шығып кеткен көліктер қаңтарылып қалған. Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері мінген «Уаз» жолдан шығып кетіп аударылған. Көлік ішінде болған үш тәртіп сақшысы дін аман. Ал Ақтөбе-Орал тас жолында жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.