{metadescription}
КТК арнасында кезекті тұсаукесер! Дүйсенбіден бастап «Жақыным алыс» телехикаясын көріңіздер
КТК арнасында кезекті тұсаукесер! Дүйсенбіден бастап «Жақыным алыс» телехикаясын көріңіздер

КТК арнасында кезекті тұсаукесер! Дүйсенбіден бастап «Жақыным алыс» телехикаясын көріңіздер

КТК-ның көрермендеріне арнаған көркем сыйлары әлі де жалғасуда. Арнамыз ұсынғалы жатқан «Жақыным алыс» телехикаясы да күтпеген оқиғалармен таң қалдырмақ. 12 сериялы картина сүйіспеншілік, әлеуметтік теңсіздік, отбасылық құндылық жайында. Туындыда туыла салып өзге отбасында өскен бойжеткеннің туған ата-анасын іздегені көрсетіледі.

Сериал шым-шытырық оқиғаға толы. Психолог мамандығын оқып жүрген Әсел қосымша дағдарыс орталығында жұмыс істейді. Сөйтіп күйеуінен зәбір көрген құрбысына қол ұшын созып жүріп, аяқ астынан өзі жайындағы шындықты құлағы шалады. Осылайша өзінің асырап алынғанын, туған әке-шешесі басқа адамдар екенін біледі. Соларды іздеуге кіріскен ол табу үшін талай әрекетке барады. Бірақ бұл оңайға соқпайды. Бойжеткен туғандарымен қалай кездеседі? Ет-жақындары оны жатсынбай ма? Қыз сүйгенімен қала ма? Бұл сұрақтардың жауабын алдағы дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 17:00-де КТК арнасынан көріп-біле аласыздар. Сондай-ақ, сериалды ютуб-арнамыздан тамашалауға мүмкіндік бар.

Әділжан Шомбалов, актер:

- Әрине, сол біздегі күрмеуі көп шешілмей жатқан мәселелер. Үлескерлердің мәселесі. Екінші тастанды балалардың мәселесі. Ол енді өзекті мәселесі деп айта алмаймыз. Өйткені ол нағыз өзекті мәселе. Сосын енді мынау отбасындағы болатын кикілжің. Бәрімізде ет пен сүйектен жаралған пендеміз. Пенде болған соң қателік болады. Ол қателіктен әркім өзінше түйін шығарып, жақсы жағынан нәтиже шығарып жүрсе.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде