{metadescription}
«Үркер» сыйлығы кімдерге бұйырды?
«Үркер» сыйлығы кімдерге бұйырды?

«Үркер» сыйлығы кімдерге бұйырды?

Елордада «Үркер  2020» Ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды. Байқаудың биылғы ерекшелігі, барлығы 11 аталымның ішінде Шерхан Мұртаза атындағы арнайы сыйлық та бар.

Жыл үздіктерін анықтау үшін 2019 жылдың бірінші қаңтары мен 2020 жылдың бірінші қаңтары аралығында телеарналарда, басылымындарда, интернет-ресурста жарияланған және радиоэфирде шыққан жұмыстар қабылданды. «Жылдың үздік фотосуреті», «Жылдың үздік репортажы», «Жылдың үздік аналитикалық материалы» сынды барлығы 11 аталым отандық журналистиканың әр саласын қамтыған. Байқау қорытындысы бойынша әрбір жеңімпазға «Үркер» естелік мүсіні мен бір миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық табыс етілді. Ал қазақ журналистикасының жампозы Шерхан Мұртаза атындағы сыйлық белгілі публицист, журналист Қайнар Олжайға берілді.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- «Үркер» ұлттық бәйгесінің марапаттау рәсімі Astana Media Week апталығы аясында өтіп отыр. Әрине, біз үшін қоғамдағы әр саланың өзіндік орны бар. Соның ішінде журналистиканың қоғам үшін атқарып отырған еңбегі өте зор. Әрбір еңбек лайықты бағасын алуы керек деп санаймыз. Біздің бүгінгі шарамыз да осы ниетпен өткізіліп отыр. Сондықтан біздің әділ қазылар алқасы жүзден жүйрік шыққан шын таланттарға лайықты бағасын бергеніне сенімдіміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде