«Astana Madia Week»: Пандемия кезінде журналистер қалай жұмыс істейді?
Журналист қоғамдық кикілжің жағдайында қалай жұмыс істеуі керек? Үшінші күн қатарынан өткен «Astana Madia Week» конференциясы бүгін осы сауалға жауап іздеді. Осымен төртінші рет ұйымдастырылған маңызды шараның биыл алғаш рет онлайн өтіп жатқанын айта кетейік.
Автор: Ербол Тұрымбет
13.11.2020
Әлемдік пандемия бүгінгінің өзекті тақырыбына айналды. Бүкіл адамзатқа қауіп төдірумен қатар, онымен күресу жолдары да күрделеніп кетті. Ол қоғамда түрлі пікір қайшылығын тудырмай қоймайды. Журналист бұл жағдайда қалай жұмыс істеуі керек? Ол да күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Бұған қатысты белгілі тілшілер тәжірибелерімен бөлісіп, құнды кеңестерін аямады. Айта кетейік, еліміздегі басты медиа конференция осымен төртінші жыл қатарынан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!