{metadescription}
Екінші толқын Еуропа елдерін есеңгіретті
Екінші толқын Еуропа елдерін есеңгіретті

Екінші толқын Еуропа елдерін есеңгіретті

Пандемия толқыны Франция мен Италияны ес жидырмай жатыр. Тіптен, науқастарды жатқызатын жер таппаған соң жергілікті билік әйгілі Монца автодромын амбулаторияға айналдырды.

Апеннин түбегінде пандемия басталағалы дерт миллионнан астам адамнан анықталған. Қырық үш мыңнан астам тұрғыны аурумен алысқанмен, бақилық болды. Соңғы тәулікте көз жұмғандардың өзі алты жүзден асып жығылады. Неапольда да осындай жағдай. Жедел жәрдем жеткізген адамдарды орналастыратын орын тапшы.

Франция екі апталық карантиннен өткенмен, арқаларын кеңге салуға әлі ерте. Коронавирустың екінші толқынында «соққы» қатты тиген елдердің тізіміне кіреді. Жағдайды тұрақтандыру үшін Франция үкіметі шектеу шараларын тағы 15 күнге созуды шешті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде