{metadescription}
Жатақханалары жанып кеткен тұрғындар аштық жариялады
Жатақханалары жанып кеткен тұрғындар аштық жариялады

Жатақханалары жанып кеткен тұрғындар аштық жариялады

Шымкентте қаңғып қалған тұрғындар аштық жариялады! Олардың баспаналары былтыр өртеніп кеткен. Жергілікті билік биыл тамыз айында үйлеріңе кіресіңдер деп уәде берген екен. Сол күйі баспаналарына бас сұға алмағандар енді наразылық ретінде нәр татпақ түгілі су ішпейміз деп бекініпті.

Запура Батырбек, Шымкент қаласының тұрғыны:

- 7-ші қарашаға дейін кіргіземін деді. Бүгін 13-і болды. Мақұл тағы бір апта дейді. Айналайын қанша апта бар, бір апта бір аптамен үш ай өтті. Амалымыз жоқтан қайтадан осындай аштық жариялауға тура келіп тұр. Сондықтан таңертеңгі сегізден бері қалтырап дірілдеп мінекей жүрісіміз мынау. Денсаулық онсыз да жоқ. 

Тозығы жеткен жатақхана былтыр өртеніп, тұрғындары далада қалған кезде оның орнына 5 қабатты үй салынатын болған. Ал, тұрғындарға соның ішінен шаршы метріне қарай пәтер беріледі деп сүйіншілеген. Тамыз айынан бері әне кіреміз, міне кіреміз деген жұрт баспананың табалдырығанан да аттай алмай жүргеніне наразы. Сөйтсе, үй біткенімен құжат дайын емес екен. Бірақ, ел шулап, аштық жариялаған соң жедел жеткен әкім-қаралар келер аптадан қалмай тұрғындар қоныс тойын тойлайтын болады деп сендірді.

Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі:

- Енді қаржыға байланысты болып отыр ғой, қаржының жоқтығына байланысты болды. Болды. Қаржы бөлінді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде