{metadescription}
Әділ сайлауды қаласаң бақылаушы бол!
Әділ сайлауды қаласаң бақылаушы бол!

Әділ сайлауды қаласаң бақылаушы бол!

Елімізде «Таза сайлау» атты тәуелсіз бақылаушылар ұйымы құрылды.

Бастамашыл топ белсенді азаматтарды алдағы саяси науқанда бақылаушы болып, әр сайлауышының дауысы үшін күресуге шақырып отыр. 

Қоғам белсенділері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер құрған топқа Қазақстанның кез-келген адам мүше бола алады. Олар 2021 жылдың 10-шы қаңтарында өтетін парламент сайлауының ашық әрі әділ өтуіне мейлінше ат салыспақ. Нақтырақ айтсақ, «Таза сайлау» тәуелсіз бақылаушылары сайлау бөлімшелерінде болатын заң бұзу деректерін фото-видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялайды. Дауыс беру және санау барысында қитұрқы әрекеттерге жол бергізбей, құқық қорғау органдарын хабардар ету де бақылаушылардың басты міндеті.

Ерқанат Көпжасар, журналист:

- Парламентке халық таңдаған партия бару керек. Біраз партия тіркелмей қалды. Өтпей қалды. Дегенменде, халық немқұрайлы болмауы керек. Үйде отырсақ, ешкім сайлауға бармаса не өзгереді. Сондықтан біз белсенділер бар халықты сайлауға шақырып, сол сайлаудың әділ өтуіне мұрындық болуымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде