{metadescription}
Баспалдақ опырылып ортасына түсті
Баспалдақ опырылып ортасына түсті

Баспалдақ опырылып ортасына түсті

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде баспалдақ опырылып түсті. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Бірінші қабатқа шыға берістегі мына баспалдақтар опырылып түскенде, үстінен бір адам өтіп бара жатыпты. Құдай сақтап, ол жертөлеге бірге құламаған. Бірақ бетоннан құйылған ауыр баспалдақ оның астындағы кәріз құбырларын қиратыпты. Сондықтан құбыр  жөнделгенше, тұрғындар кешелі бері ауыз сусыз отырды. Әкімдіктегілердің айтуынша, баспалдақты қалпына келтіру тұрғындардың міндеті екен. Әзірге оның рөлін ағаш тақтай атқарып тұр. Пәтер иелері кооперативі жақын күндері жаңа баспалдақ құямыз дейді. Ал кешегі дүмпуден подьездегілер кәдімгідей шошып қалыпты.

Айнагүл Исақаева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Сағат бір 7-нің кезінде, гүрс ете қалды. Қызым отырған абысынымен, атып шықты. Көршілерде бірдеңе болды ма десем, сөйтсем мына жер құлапты. Алдында бұл қисайып тұрған. Кеше кете алмай қалдым, мына жерден түсу қиын ғой. Қызым жұмыста, енді бүгін еріксіз бірдеме қып барам енді үйіме.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде