{metadescription}
Аслан Мусин марқұм ұлының мұрасын даулап жатыр
Аслан Мусин марқұм ұлының мұрасын даулап жатыр

Аслан Мусин марқұм ұлының мұрасын даулап жатыр

Аслан Мусин ұлының мұрасын даулап жатыр. Елшіліктен зейнеткерліккке кеткен ол марқұм болған тұңғышының дүние-мүлкін мемлекетке бергісі жоқ.

Аслан Мусин осыдан үш жыл бұрын қайтыс болған баласы – Асылбектің артында тек Қарғалы ауылындағы зәулім үй қалғанын біледі. Ал жақында марқұмның құжаттарын ақтарып отырып, Ақтөбедегі бірнеше компанияда үлесі болғанын анықтаған. Қатарында құрылыс компаниялары мен жер учаскелері және аймақтағы ең ірі баспахана бар. Бірақ оны 2013 жылы марқұм ұлы бауырына сенімхат беріп, облыстық әкімдікке қарайтын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға өткізуді тапсырған екен. Бұған Аслан Мусиннің өзі сенбей отыр. Өйткені ұлы сенімхат берді делінген уақытта шетелде болған. Ол жылы Ақтөбеге мүлдем келмеді дейді. Енді сенімхаттың шынайылығына көз жеткізіп, жалған болса бар дүние-мүлікті кері қайтарып алмақшы.

Еділ Құдайберген, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Ақтөбе қалалық сотында Аслан Мусиннің жауапкерлер Ақтөбе әлеуметік–кәсіпкерлік акцеонерлік корпорациясына, Әнуарбек Мусинге және Ерлан Қожахметовке жасалған бірқатар шарттар жарамсыз деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық ісі қаралуда. Іс сот талқылау барысында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.