{metadescription}
Шетелдік жүк көліктері шекарадан өте алмай жатыр
Шетелдік жүк көліктері шекарадан өте алмай жатыр

Шетелдік жүк көліктері шекарадан өте алмай жатыр

Қырғыз-Қазақ шекарасында тағы ұзын-сонар кептеліс! Енді арғы беттегі жүк көліктері біздің елге кіре алмай жатыр. Шекара бекетінде шамамен жүзден аса жүк машинасы жиналып қалған. Оған көлік жүргізушілерінің ПТР-тест тапсырмауы себеп.  

Қордайдағы «Қарасу» бекеті Қырғызстанның «Ақ-Тілек» бақылау өткізу бекетімен түйіседі. Сол арғы беттен жүк көліктері бері өте алмай жатыр. Бұл жағдай шетелдік жүргізушілердің ПТР тесттің оң нәтижесін көрсете алмауынан туындаған. Яғни, олардың аурудан аман екеніне дәлел болмағандықтан Қазақстан тарабы ішке аттап басқызбай жатыр. Мына жағдайды ескерген жөн. Қырғызстанан қатынайтын жүргізушілер Қазақстанда қалатын болса, онда міндетті түрде тест тапсырады. Ал егер транзиттік тасымал болса, тек дене қызуы тексеріліп, сапарын жалғастырады. Айта кетейік, «Ақ-Тілекте» қалың кетптеліс болса, Қарасау бекетінде ахуал тұрақты дейді аудан атқамінерлері.

Бейқұт Жамангөзов, Қордай ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазақстан республикасына Қырғызстан республикасынан кірген басқа мемлекет азаматтары ПТР сынама тест қорытындысы нәтижесінде кіргізілуде. Бүгінгі таңда ҚР ДСМ бас мемлекеттік санитар дәрігерінің ағымдағы 6 қарашадағы қаулысы негізінде жұмыстар атқарылуда.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде