{metadescription}
Covid-19: кесел жұқтырғандар көбейюде
Covid-19: кесел жұқтырғандар көбейюде

Covid-19: кесел жұқтырғандар көбейюде

Коронавирус соңғы бір тәулікте тағы 638 отандасымыздан анықталды. Басым бөлігі сол «қызыл аймақтағы» Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары.

Мұнда бір күнде 261 адамнан вирус табылған. Одан кейінгі орындарда Қостанай мен Нұр-Сұлтан қаласы. Екеуінде 100-ден аса адам аурухана төсегіне таңылды. Ал Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында керісінше ауру азайған. Осылайша, бір тәулікте вирус жұқтырып алғандар 600-ден асып кетті. Ал 300-ден астам адамды ақ халаттылар емдеп, үйіне жіберді. Эпидемиологиялық жағдайды пневмония қиындатып тұр. Соңғы тәулікте ауру 179 адамнан анықталды. 65 тұрғын емделіп шықса, 3 жерлесіміз көз жұмған.        

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде